БҰҰ Сомалиде аштық болуы мүмкіндігін ескертті

БҰҰ Сомалиде аштық болуы мүмкіндігін ескертті Cурет: Reuters

213 мың адамға  аштық қатері төніп тұр


БҰҰ Сомалиге аштық қатері төніп тұрғанын айтты. Оған жауын-шашынның болмауы мен азық-түлік бағасының өсуі себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.


Reuters агенттігінің мәліметінше, 213 мың сомалийлыққа аштық қатері төніп тұр. Бұл сәуір айындағы болжамдан 3 есеге көп.



«Әлсіз топтың өмірі қазірдің өзінде азық-түлік тапшылығы салдарынан қыл үстінде тұр. Біз аштықтың басталғанын жариялау үшін күтіп отыра алмаймыз, әрекет ету керек», - деді БҰҰ-ның Сомалидегі өкілі Эль-Хидир Далум.



БҰҰ агенттігі 7,1 млн сомалийлік немесе ел тұрғындарының тең жартысы тамақ тапшылығын қатты сезініп отырғанын айтты. Олардың деректеріне сүйенсек, Сомалиде былтырғы құрғақшылықтың кесірінен 3 млн мал басы қырылып қалған. Одан бөлек, елде жаңбыр маусымында жауын-шашын жаумай тұр. 


БҰҰ гуманитарлық әрекет ету жоспары биыл тек 18%-ға ғана қаржыландырылған. Сомалиден бөлек, әлемде төтенше жағдайға тап болып, «ыстық нүкте» болып саналатын, қаржыландыруға мұқтаж басқа да мемлекеттер бар.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет