«Нағыз қазақ – домбыра»

«Нағыз қазақ – домбыра»
Суреттерді түсірген - Самат

Алматыдағы Н.Сац атындағы балалар театрында «Мәдениет және ұлттық салт дәстүр» күніне орай 200 жуық домбырашы жиналып, қазақ күйлерін орындады. 

Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті музыкалық аспабы домбыраның бірде күмбірлеген, бірде шертілген ойлы дыбысы құлаққа жағымды, жүрекке жақын, оның күмістей сыңғырлаған үні талай сырдың басын қайырады. Сымдай тартылған қос ішектен сан ғасырдың сан алуан сипаты ақыл-ойы, көңіл күйі жатыр. Домбыра – көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі.

Мерекелік іс-шарада мемлекеттік “Даму бала” бағдарламасы аясында үйірмеге қатысушы оқушылар жиналып, “Адай”, “Ерке сылқым”, “Балбырауын” сияқты танымал туындыларды орындады. 

Негізі мұндай шаралар келешек ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды қадірлеуге тәрбиелейді. Сонымен қатар, осы акцияның арқасында домбыра үйренуге деген жастардың қызығушылығы артары анық. 

Еске сала кетейік, биыл әз-Наурыз мерекесі жылдағыдан ерекше өтуде. Ендеше атадан-балаға мұра болып сарқылмай жеткен ұлттық құндылықтарымызды әлі де жандандыра, жарқырата түсуіміз керек іспетті!