Алматыда Нұртас Оңдасыновқа ескерткіш ашылды

Алматыда Нұртас Оңдасыновқа ескерткіш ашылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Нұртас Оңдасыновтың ғылым мен мәдениеттің дамуына зор еңбек сіңірген қайраткер.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Алматы қаласында қоғам және ғылым қайраткерін мәңгі есте қалдыруға арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz

Ескерткіштің ашылу салтанатына қатысқан Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жиналғандарға арнаған сөзінде Нұртас Оңдасыновтың қазақстандық ғылым мен мәдениеттің болашағын қалыптастыруға сіңірген еңбегін атап өтті. Қиын жылдарға қарамастан, ол ел экономикасын дамыту үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.

Нұртас Оңдасынов 1904 жылы 26 қазанда туған. 1938-1951 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің ХКК төрағасы, 1954-1955 жылдары – ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы, содан кейін Гурьев (Атырау) облысы облыстық атқару комитетінің төрағасы, облыстық партия ұйымының басшысы.

Нұртас Оңдасынов Қазақстанда дербес ғылым академиясының құрылуына ықпал етті. Оның жанынан Әйелдер педагогикалық институты, Ұлттық консерватория, Денешынықтыру институты, Политехникалық және технологиялық институттар ашылып, Медициналық, Шет тілдері институттарының факультеттері кеңейтілді.

Оның басшылығымен Ертіс – Қарағанды, Арыс – Түркістан, Мырзашөл каналдары, Атырау, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Ақтөбе зауыттары, сондай-ақ Мойынты – Шу темір жолы салынды.

Нұртас Оңдасынов араб, парсы тілдерін жақсы білді. 1962 жылы зейнетке шыққаннан кейін шығармашылық және ғылыми қызметпен айналысты. 1969 жылы «Арабша-қазақша түсіндірме сөздігі», 1974 жылы «Парсыша-қазақша түсіндірме сөздігі» жарық көрді.

Бюст ұлттық ғылым академиясы ғимаратының жанына орнатылды, кезінде оны құруға Нұртас Оңдасынов қатысқан болатын. Ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, жазушы Дулат Исабеков және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.