Ұлттық парк аумағын ластаған кәсіпкерлер жерінен айырылады

Ұлттық парк аумағын ластаған кәсіпкерлер жерінен айырылады
Сурет: Ernur.kz

Табиғатқа жанашырлық көрсетпеген кәсіпкерлер жерлерінен айырылады

Ұлттық табиғи саябақ аумағынан жер алып, кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғалар иелігіндегі учаскені ластаса, жерінен айырылады. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай мәлімет берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«Біз ұсынып отырған заң жобасында Әкімшілік кодеске жаңа бап қосу ұсынылған. Бұл бап мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарда туристік-рекреациялық қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін шара қабылдауды көздейді. Бұған дейін ондай бап болмаған. Сондықтан, ешкім мұндай жазаға тартылмаған. Енді орта кәсіпкерлік субьектілері мұндай заңсыздық үшін 30 АЕК (87 510 теңге – ред.), ал ірі кәсіпкерлік субьектілері 100 АЕК (291 700 теңге – ред.) айыппұл төлейді», - деген ведомство өкілі табиғатқа жанашырлық танытпаған кәсіпкерлер иелігіндегі жерден айырылатынын да ескертті.

«Ұлттық саябақ аумағынан жер телімін алып қолданушылар келісімшарт міндеттемелерін бұзып, аумақты тұрмыстық қалдықпен ластаған жағдайда олармен жасалған келісімнің күші жойылады. Мұның бәрі жер телімін пайдаланушымен жасалған келісімшартта айқын жазылған», - деді Данияр Тұрғанбаев.