Мұнай бағасы қымбаттады

Мұнай бағасы қымбаттады
Сурет: Eadaily.com

115,83 долларға жетті.

Бейсенбі күні таңертең мұнайдың әлемдік бағасы шикізатты жеткізуге қатысты алаңдаушылыққа байланысты өсе бастады. Мұны сауда деректері көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Vz.ru сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11:06-дағы жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің бағасы барреліне 0,3%-ға өсіп, 118,87 доллар болды. WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің бағасы 0,45%-ға өсіп, 115,83 долларға жетті.

Мұнайды жеткізуге қатысты алаңдаушылық Ресейдің энергетикалық секторына қарсы санкциялар мен Қытай тарапынан сұраныстың жоғары болуы мүмкін деген болжамға байланысты туып отыр. Қытай – мұнайды көп мөлшерде тұтынушы әрі импорттаушының бірі. Бұл мұнай бағасының негізгі қолдауы болып қала береді.

Брент 25 сәуірден бастап барреліне 100 доллардан түскен жоқ.