Мұнай бағасы арзандайды

Мұнай бағасы арзандайды
Сурет: Atameken.kz

Халықаралық валюта қоры биыл мұнай баррелінің бағасы 16,2 пайызға арзандап, 81,13 долларға дейін төмендейді деп болжады.

Бұл туралы ХВҚ-ның дүйсенбіде жарияланған жаһандық экономиканың даму перспективалары туралы баяндамасының қаңтардағы жаңартылған мәліметінде айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«2023 жылы мұнай бағасы шамамен 16%-ға төмендейді. Ал жанармайға жатпайтын шикізат тауарлардың бағасы орта есеппен 6,3%-ға құлдырайды. 2022 жылғы 29 қарашадағы фьючерстік нарықтарда есептелген орташа болжамды баға 2023 жылы 81,13 доллар және 2024 жылы 75,36 доллар болады», - делінген мәліметте.

Осылайша, келесі жылы мұнай бағасы 7,1 пайызға төмендейді.

ХВҚ-ның пайымдауынша, энергия нарықтары Украинадағы жанжалдан туындаған (экономикалық) жағдайларға тез бейімделді. Дегенмен өткен жылы «жаһандық энергия мен азық-түлік бағасының күрт өсуі өмір сүру құнының дағдарысын тудырды.

Украинадағы қақтығысқа байланысты мұнай, газ және азық-түлік бағасының күткен көрсеткіштен жоғары болуы жалпы инфляцияны қайта көтеруі мүмкін.