Мүмкіндігі шектеулі адамдар енді құқықтарын халықаралық деңгейде қорғай алады

Мүмкіндігі шектеулі адамдар енді құқықтарын халықаралық деңгейде қорғай алады
Сурет: Inbusiness.kz

Мұндай азаматтар енді экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын халықаралық деңгейде қорғай алады.

Сенаттағы жалпы отырыста осындай мүмкіндік беретін жаңа заң мақұлданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz ақпаратына сәйкес, хаттаманы 2006 жылғы 13 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған еді. Қазақстан құжатқа 2008 жылы қол қойды. Алайда осы уақытқа дейін тиісті рәсімдер өткізілген жоқ.

Бұл Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетінің құзыретін мойындайтынын білдіреді. Яғни, комитетке мүгедек жандардың арыз-шағымын қабылдауға мүмкіндік беріледі. Айта кетейік, елімізде 700 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Бұл – халықтың 3,7%-і.