Мобильді аударымдарды кім тексереді?

Мобильді аударымдарды кім тексереді?
Almaty-akshamy.kz

Астанада өткен брифингте Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов аударымдар мониторингі жарияланғаннан кейінгі айдағы банктердегі ахуал туралы айтып берді.

Қаңтарда бұл төлемдер шамамен 30 пайызға төмендеді. Адамдар қолма-қол ақша алуға кірісті. МКК тарапынан түсініктемелер мен кеңестер ұсынылғаннан кейін, менің ойымша, бұл жағдай тынышталды және болашақта да тынышталады. Өйткені ондай қорқынышты ештеңе жоқ.

Қолма-қол ақшасыз төлемдер деңгейі қалпына келеді деп үміттенеміз», - деді Тимур Сүлейменов.

Сондай-ақ ол мобильді аударымдарды тексеру Ұлттық банктің қызметіне кірмейтінін еске салды.