Қор нарығында еуро бағамы күрт төмендеді

Қор нарығында еуро бағамы күрт төмендеді
Сурет: Iz.ru

Еуро бағамы жыл басынан бері біртіндеп төмендеп келеді.

5 қыркүйектегі сауда-саттықта еуро бағамы 20 жыл ішінде алғаш рет $0,99-дан төмендеді. Бұндай көрсеткіш 2002 жылдың соңында осындай деңгейде болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Еуропалық орталық банк 2 қыркүйек күні базалық мөлшерлемені 0,9993 АҚШ доллары деңгейінде белгіледі. Биыл еуро бағамы жыл басынан бері біртіндеп төмендеп келеді. 11 шілдедегі сауда-саттық барысында доллардың Еуроға бағамы 20 жылда алғаш рет $1,004 белгісіне дейін төмендеді.

Нарық сарапшылары валютаның құлдырауын Еуропадағы газ дағдарысы мен Ресей мен Украина арасындағы жанжалмен байланыстырады.

ЕОБ қазірдің өзінде несиелер бойынша мөлшерлемені көтеріп үлгерді. Сондай-ақ, Инфляцияны ұстап тұру үшін оны қайта жасауды жоспарлап отыр. Ал АҚШ Федералды резервтік жүйесі осыған ұқсас шараларды ертерек бастаған болатын, бұл доллардың нығаюына септігін тигізді.

Сарапшылар Еуропадағы энергетикалық дағдарыс одан әрі дамитын болса, еуроның құлдырауы жалғасады деп санайды. Жапондық Nomura International банкінің сарапшылары еуроның 0,95 долларға дейін төмендеуін болжайды.