Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
Сурет: Newsgomel.by

Солтүстік Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауады.

«Қазгидромет» мамандары алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. 6 қыркүйекте Маңғыстау облысында, 7 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауып, найзғай күтіледі, жел күшейіп, бұршақ болжанады. Сондай-ақ елдің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 5-13-қа дейін, күндіз 15-23-қа дейін, ал оңтүстік жартысында түнде 10-23-қа дейін, күндіз 20-35-қа дейін төмендеуі күтілуде», - делінген хабарламада.