Алматыда той тойлап жүрген қонақтарды тонауды әдетке айналдырған кәнігі ұры ұсталды

Алматыда той тойлап жүрген қонақтарды тонауды әдетке айналдырған кәнігі ұры ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда ер адам тойда қонақтарды тонауға әбден машықтанған. 

Алатау аудандық полиция басқармасынан хабарлағандай, 31 жастағы О.есімді азамат – кәнігі ұры. Осы уақытқа дейін ұрлықтың 40-тан астам эпизодына қатысы бары анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Соңғы жағдайда қаскөй мерекелердің бірінде өнер көрсеткен әртістерді тонап кеткен. Ол киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, олардың ұялы телефондарын жымқырған. Бұл дерек бейнебақылау камераларының объективтеріне түсіп, оның көмегімен қаскөйдің жеке басы анықталды. Ол ұсталып, ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, күдікті бұрын бірнеше рет сотталған. Оның жеке басы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде», – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Құмарбек Кеншінбаев.