Орман өртін сөндіруге жіберілген тікұшағымыз Түркияға жетті

Орман өртін сөндіруге жіберілген тікұшағымыз Түркияға жетті
inform.kz

Еліміз қиын кезде қол ұшын созды.

Қазақстаннан орман өртін сөндіру үшін көмек ретінде жіберілген тікұшақтар Түркия Республикасына жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жөнінде еліміздің ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша түрік халқына бауырластық және гуманитарлық көмек көрсету аясында 11 тамызда сағат 13.25-те Қазақстан ТЖМ құтқару тобы Даламан қаласына келді», - делінген хабарламада. 

Жіберілген көмектің құрамында 2 Ми-8АМТ тікұшағы және орман өрттерін сөндіруге тартылған 16 құтқарушы бар.

«Түстен кейін өрт сөндіру орындарында барлау мақсатында ұшу жоспарланған. Одан әрі Қазақстан ТЖМ жеке құрамы Түркия Республикасы ТЖМ жедел штабының қарамағында өрт сөндіру жұмыстарына кіріседі», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 7 тамызда «Қазавиақұтқару» АҚ-ның суағар құрылғылары бар Ми-8 АМТ екі тікұшағы және орман өртін сөндіруге көмек көрсету үшін 16 құтқарушы Түркияға жіберілгені хабарланған болатын.