Мысырдан Хеопстың кемесі табылды

Мысырдан Хеопстың кемесі табылды
Сурет: Stoneforest.ru

Ғасырлар қойнауы ашылуда

Египеттегі пирамиданың түбінен Хеопстың кемесі табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.

Археологтар Гизадағы пирамиданың астынан перғауын Хеопстың кемесін тапты. Замандастары оны Күн қайығы деп атайтын. Мамандар бұл қайықты 15 жыл бойы іздеген. Перғауын Хеопсты соңғы сапарына аттандырған бірінші Күн қайығын археологтар өткен ғасырдың 1950 жылдары тапқан болатын. Сонда пирамидалар түбінде тағы бір үңгірді көрген. Бірақ опырылып қалады деп, қазуға бата алмаған. Тек екі мыңыншы жылдардың басында арнайы техникамен жұмысқа кірісіп кетті. 15 жылдан кейін ғалымдар арнайы шұқырдан кемені тіреген 2 мыңға жуық ағаш бөлшегін шығарып алды.

Пирамидалар түбінде табылған экспонаттардың барлығы мұражай зерттеушілеріне табысталды. Мұқият зерттегеннен кейін ғалымдар мыңдаған жылда шіріп кеткен қайықты қайтадан құрастыруға тырысады. Осыдан кейін ол Египеттің Үлкен музейіне қойылады. Сондағы орталық залдардың бірін тек Хеопс кемелеріне бөледі.