Мыңнан астам ел тұрғыны атыс қаруын өз еркімен тапсырды

Мыңнан астам ел тұрғыны атыс қаруын өз еркімен тапсырды
Сурет: Ernur.kz

Еліміздің бірқатар өңірінде ел тұрғындарынан атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы аяқталды.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында ІІМ жыл сайын халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акциялар өткізеді. Биыл аталған акция 25 сәуірде басталды, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 88,7 млн теңге бөлінді», - деді ІІМ өкілі ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның дерегінше, іс-шара қорытындысына сәйкес, ішкі істер органдарына 1 мыңнан астам азамат жүгінді. Олар 1,3 мың атыс қаруын, 9 мыңнан астам ойық қару патрондарын өз еркімен тапсырды.

«Бөлінген қаражаттың игерілуіне байланысты акция Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Алматы, Атырау, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ұлытау облыстарында аяқталды. ІІМ халықтан қару-жарақ заттарын сатып алу бойынша іс-шараларды 2008 жылдан бері өткізіп келе жатқанын атап өту қажет. Осы кезеңде азаматтар өз еркімен жалпы 54 мыңнан астам атыс қаруын, 2 млн-нан астам ойық қару патрондарын тапсырған», - деді Шұғыла Тұрлыбек.