Министр отставкаға кетуді ұйғарды

Министр отставкаға кетуді ұйғарды
Сурет: Azattyq.org

Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетуді ұйғарғанын айтты.

Ермекбаев бұл шешімін Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімдегі жарылыстан 4 әскери қаза тауып, ондаған адам жараланғанын, бірнеше кісінің хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған баспасөз мәслихатынан кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Менің қазіргі басты мақсатым – апаттың салдарын тезірек жою. Ал отставка мәселесіне байланысты айтарым, осы хабарды естігеннен кейін өзім үшін шешімге келдім. Мен отставка сұраймын, қалғанын басшылық шешеді», -деді мәлімдеді ол Азаттыққа.