«Мерейлі отбасы-2022»: Алматыда байқау комиссиясының отырысы өтті

«Мерейлі отбасы-2022»: Алматыда байқау комиссиясының отырысы өтті
сурет: Almaty.tv

Биыл байқауға 8 ауданнан 193 отбасы қатысуға ниет білдірген

Алматыдағы әлеуметтік қызметтер үйінде «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауының комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Биыл байқауға 8 ауданнан 193 отбасы қатысуға ниет білдірген. Әр ауданнан озып шыққан жанұя Алматы қаласының атынан республикалық байқауға жіберіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Мерейлі отбасы» конкурсының салтанатты марапаттау рәсімі тамыз айына жоспарланған.

«Бүгін Алматыда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық комиссиясының отырысы өтті. Жалпы бұл конкурс 2014 жылдан бері өтіп келеді. Алматы қаласы  жыл сайын конкурсқа белсенді қатысады. Өте маңызды деп ойлаймын. Өйткені елімізде отбасы құндылықтарын насихаттау, үлгілі отбасын елдің алдына шығарып көрсету – өзекті мәселе», – деді Қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдар Есенбеков.