«Астана деп ат қойдым»

«Астана деп ат қойдым»
almaty-akshamy.kz

Елорда күні қарсаңында елімізде Астана есімін иеленген қанша қазақстандық тұратыны белгілі болды.

  • Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бүгінде Қазақстанда Астана есімді 26 адам тұрады. Оның 18-і ер, 8-і әйел екен. Олардың ішінде 17 адамға ғана елорда құрметіне Ас­тана есімі берілген, қалғандарына 1998 жылға дейін осы есім қойылған.
  • Елімізде балаларына «Астана» сөзі кездесетін есім қойған отбасылар да кездеседі. Мәселен, қыздар арасында Астанай, ұлдар арасында Астанали, Нұрастана сияқты есім иеленген қазақстандықтар бар.
  • Тағы бір қызық дерек. Елорданың бас­ты көрікті жерлерінің бірі «Бәйте­рек» монументі құрметіне 41 адамға, қазақша «Бәйтерек» транскрипция­сында 31 адамға есім берілген.
  • Францияда да Астана есімді қыз тұ­ратынын айта кеткен жөн.
  • 2016 жылы Астана есімімен 10 адам, Бәйтерек есімімен 53 адам тіркелген.

Бүгін Қазақстанның астанасы 25 жылдығын атап өтеді. Президенттің 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығына сәйкес 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап қазіргі Астана – бұрынғы Ақмола елорда болып жарияланды. Қазақстанның жаңа астанасының ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда өтті.