Мен жағымпаз емеспін – Б.Тілеухан

Мен жағымпаз емеспін – Б.Тілеухан
Сурет: видеодан алынды

Экс-депутат Бекболат Тілеухан белгілі журналистке тіл тигізді

Әлеуметтік желіде тараған видеода белгілі журналист Нұрсейіт Жылқышыбай экс-депутат Бекболат Тілеуханнан сұхбат алғанын көруге болады. Сұхбат кезінде журналист экс-депутаттан ақталғанды жақсы көретіні туралы сұрады.

- Енді ақталуға мәжбүр қылып отырсыңдар. Енді қалай ақталмаймын? Сен маған жауап берші дейсің. Жауап берсе ол ақталған сияқты болады, - деді Б.Тілеухан.

Мәселен, сол болған кезде Құран ұстамай-ақ, қолды сілтей салу керек па еді?-деп сұраған журналист сауалына:

- Оны сен үшін ұстаған жоқпын. Оны шын мәнінде Құдайға бес уақыт намазын оқып жүргендер, Құдайдан қорқатындар күмәнданып қалмасын деп. Мен олардың бұл дұғасына өте мұқтажбын.

Журналисттің «Аға өзіңіз жағымпазсыз ба?»,- деген сауалына Б.Тілеухан:

- Сен д...сың ба?, -деп қарсы сауал қойды.

- Д... емессің, мен де жағымпаз емеспін. Әлде, сен сондай болсаң мен де жағымпазбын, -деп күлді