Алматыда Қасым хан бейнеленген мурал пайда болды

Алматыда Қасым хан бейнеленген мурал пайда болды
Сурет: Egemen.kz

Өнер туындысы «Ұлы дала таңы» фильмінің прокатқа шығуына орай жасалды

Қасым хан бейнеленген алып картина Қабдолов және Өтеген батыр  көшелерінің қилысында орналасқан Grand Park сауда кешенінің  қабырғасына салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған мурал Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының тапсырысы бойынша салынды. Бұл мәдени іс-шара режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» фильмінің прокатқа шығуына орай ұйымдастырылғанын айта кету керек.

Муралды жас суретшілер Карина Азимжанова және Гафура Қайырбекова салды. Олардың айтуына қарағанда Қасым ханның бейснесін салуға бір апта және 120  дана баллон бояу кеткен екен.