Мемлекет өскелең ұрпақ болашағы үшін үлкен бастама жасауда

Мемлекет өскелең ұрпақ болашағы үшін үлкен бастама жасауда
Сурет: Kitap.kz

Залпы Жолдауда көп мәселе қамтылған. Соның ішінде Ұлттық қордан 18 жасқа дейін балаға арнайы қаржы бөлінетіндігі үлкен жаңалық балы қабылданып отыр. Кезінде Кеңес дәуірінде де ауқатты, жағдайы жақсы адамдар өз балалары дүниеге келгенде жеке шот ашып, соны кейін бала 18 жасқа толған кезде алатын жағдай болған. Бірақ бұл жеке адамдардың өз балаларына қамқорлығы болған.

Ал мына жерде мемлекет Ұлттық қордан балалар үшін қаржы бөліп, үлкен бастама жасалмақшы. Мемлекеттің осындай қамқорлығы өскелең ұрпақ болашағына немқұрайлы қарамайтынын көрсетсе керек. Жолдауда осы мәселе дер кезінде көтерілді, алда үлкен жұмыстар атқарылатынына сенім мол.