Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарын қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарын қабылдады
Сурет: Аkorda.kz

Марат Әзілханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқы https:/ Ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстары мен қоғамдық институттардың өңірлерде жүзеге асырған іс-шараларының қорытындысы жайында баяндады.

Президент Ассамблеяның жастар қозғалысы мен Аналар кеңесінің жұмысына ерекше көңіл бөлу керек екенін атап өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты барлық құрылымдардың нақты әрі нәтижелі жұмыс істеу қажеттігі айтылды. 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Әзілхановқа этномедиация институтын дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.