Мемлекет басшысы В.Зеленскиймен болған әңгіме жайлы пікір білдірді

Мемлекет басшысы В.Зеленскиймен болған әңгіме жайлы пікір білдірді
24 kz

Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен болатын. Президент осы әңгіме жайлы твиттер парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Владимир Зеленскиймен Украинадағы жағдай туралы сөйлестім. Елдегі әскери іс-қимылдарды тоқтату үшін келіссөздер арқылы уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айттым. Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға келістік», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.