Мемлекет басшысы кеншілердің отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы кеншілердің  отбасына көңіл айтты
Сурет: Оrtcom.kz

Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды   облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.