Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің «Diwan Amiri» сарайына барды

Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің «Diwan Amiri» сарайына барды
Сурет: Akorda.kz

Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді.

Қазақстан мен Қатардың әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.