Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды

Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды
Сурет: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдарына қол қойды.