Медициналық сақтандыру қорына түсетін аударымның 3 пайызы резервке қойылмақ

Медициналық сақтандыру қорына түсетін аударымның 3 пайызы резервке қойылмақ
Сурет: ашық дереккөз

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервінің мөлшерін белгілеу туралы» Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы көпшілік талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«2015 жылғы 16 қарашадағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 10-2 тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервінің мөлшері қорға аударымдар көлемінің 3 пайыз мөлшерінде белгіленсін», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатта.

Мәлім болғандай, бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министріне жүктеледі.

Бұйрық жобасы 18 сәуірге дейін ашық талқылауда болады.