Медициналық маскадан аккумулятор жасауға болады

Медициналық маскадан аккумулятор жасауға болады
Суреттер: Sever-press.ru

Мұндай тың жаңалықты ғалымдар ойлап тапқан. Ресейлік ғалымдар американдық және мексикандық әріптестерімен бірге қолданылған медициналық маскалар және дәрі-дәрімек қаптамаларынан тиімді (үнемді) аккумуляторлар алуға болатын технологияны жасап шығарды.

Бұл туралы РЕН-тв сайтында жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі.

Зерттеу авторларының пікірінше, олар жасап шығарған технология кәдеге жаратуға қиын қалдықтарды шикізатқа айналдыруға мүмкіндік береді. «МИСиС» Ұлттық технологиялық зерттеу университеті мамандарының пайымдауынша, пандемия басталғалы бері бүкіл әлемде ай сайын 130 миллиард бетперде қолданылады екен. Олардың бәрі жүздеген тонна полимерлі қалдықтарға айналады және оларды жағу кезінде зиянды заттар бөлінеді. Осының салдарынан маскаларды дұрыс өңдеу мәселесі туындаған.

Ғалымдардың болжамы бойынша, олар жасап шығаратын аккумуляторларды өндіру үшін тек графен ғана сатып алу қажет. Технология жіңішке, иілгіш, арзан батареялар жасауға мүмкіндік береді. Өзіндік құнының төмен болуына байланысты, аккумуляторлар бір рет қолдануға жарамды болуы мүмкін. Соған қарамастан, көптеген параметрлері бойынша олар әдеттегі аккумуляторлардан кем болмайды, сол себепті оларды тұрмыстық қолданыста түрлі жағдайда қолдануға болады.

Зерттеу нәтижелері Journal of Energy Storage-де жарияланған.