Медеуде кездесейік!

Медеуде кездесейік!
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

«Медеу» биік таулы мұз айдынында жаңа маусымның ашылуы 15 қарашада өтеді

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін Медеу биік таулы мұз айдынында жаппай сырғанау 15 қарашада сағат 10:00-ден бастап қолжетімді, ал маусымның салтанатты ашылу рәсімі сағат 13:30-да өтеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Мұз айдынының ашылу бағдарламасында коньки тебушілердің мұздағы перфоманстары, жүлделер ұтыс ойыны, флэшмоб, әртістердің қойылымдары, сондай-ақ кешеннің ең белсенді қонақтарына арналған сыйлықтар бар. 

Қазіргі уақытта нысанда дайындық жұмыстары аяқталды, мұз жасау процесі белсенді жүргізілуде. 

Медеу - Алматы қаласының маңына орналасқан, теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте әрі еліміздің ең басты мұз айдыны болып табылады. 

Сеанстардың кестесімен және олардың бағасымен «Медеу» мұз айдынының https://medeu.kz/.ресми сайтында танысуға болады. Билеттерді «Медеу» мұз айдынының сайтында, кешеннің кассасында, сондай-ақ kaspi.kz және Halyk Bank мобильді қосымшалардан онлайн сатып алуға болады.