Медеу ауданында ауыз су мәселесі шешілмек

Медеу ауданында ауыз су мәселесі шешілмек
Сурет: ашық дереккөз

Каменское плато, Көлсай, Мұзтау, сондай-ақ Юбилейный шағын аудандарының тұрғындарын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін төтенше жағдай желісі бойынша 2 жаңа су көзі (4 скважина) және су жинақтағыштардың құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын осы жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Биылғы жылдың сәуір айында жалпы ұзындығы 46 шақырым су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы басталды. «Көлсай» (2,8), «Кеңсай» (14,4) шағын аудандарындағы және Халиуллин көшесіндегі (3,8) жұмыстарды аяқтау осы жылдың қараша айына жоспарланған.

«Компот» шағын ауданында (25) жұмыстарды шілде айында бастадық, Нұрмағамбетов, Р. Бағланова, Орманов көшелеріндегі және Т. Бигельдинов көшесінің бір бөлігіндегі жұмыстар биыл аяқталады. Қалған көшелер бойынша жұмыстар 2024 жылдың шілдесінде аяқталады.