Майя Манезаның күйеуі қайтыс болды

Майя Манезаның күйеуі қайтыс болды
Сурет: интернеттен

Вячеслав Ершов – 2006 жылғы Азия чемпионы.

Танымал қазақстандық зілтемірші Вячеслав Ершов дүниеден өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, спортшы 29 қаңтарда қайтыс болған.

"Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Вячеславтың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады. Біз сені ұмытпаймыз, чемпион...", - делінген ресми федерация таратқан хабарламада.

Қазақстан чемпионаттарында бірнеше рет топ жарған Вячеслав Ершов әлем чемпионаттарына да қатысты.

2013 жылы Ершов әлемнің екі дүркін чемпионы Майя Манезаға үйленген. Олардың ұлы бар.