Мамырда күн райы қандай болады?

Мамырда күн райы қандай болады?
Сурет: Қайрат Қоныспаев

"Қазгидромет" РМК өкілдері мамыр айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

 "Бір ай бойы ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел соғады, кей жерлерде бұршақ түседі. Көп күн бойы жоғары температуралық фон сақталады деп күтілуде: республиканың солтүстік бөлігінде күндіз ауа температурасы +35°C дейін, оңтүстік бөлігінде +40°C дейін ыстық болады", - деді "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Суық толқындарда ауа температурасының төмендеуі күтіледі: солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнде -5 градусқа дейін, күндіз +15°C дейін; батыста және ҚР оңтүстік бөлігінде - түнде +5 градусқа дейін, күндіз +26°C дейін.

"Мамыр айында ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде. Мамыр айында жауын-шашын мөлшері еліміздің батысында, оңтүстік, орталық өңірлерінде шамадан тыс көп болады деп болжанып отыр", - деді "Қазгидромет" баспасөз хатшысы.

Болжам бойынша:

Айдың көп бөлігінде жоғары температура көрсеткіші басым болады деп күтілуде: республикамыздың солтүстік жартысында күндіз ауа +25+35°C дейін ысуы мүмкін; оңтүстік жартысында +30+40°C дейін.

Суық толқындар әсерінен ауа температурасының төмендеуі күтіледі: солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде -5+5°C дейін, күндіз +10+15°C дейін; еліміздің батысында және оңтүстік жартысында түнде +5+15°C дейін, күндіз +16+26°C дейін жылы болмақ.

Мамыр айында республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары, батыс аймақтарда норма шамасында күтіледі. Мамыр айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, елдің қиыр батысында нормадан жоғары, Қазақстанның оңтүстік, орталық өңірлерінде нормадан аз болады деп болжануда.