Мамыр айында 200 адамдық емхана ашылады

Мамыр айында 200 адамдық емхана ашылады
almaty-akshamy.kz

«Мамыр-1» шағынауданында 200 адамды қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталып келеді. Бүгінгі таңда жұмыстар 90%-ке аяқталды. Нысан мамыр айында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Қуаныш» шағынауданында ауысымына 300 адам қабылдайтын №18 емхананың жаңа негізгі ғимаратын салу үшін жер учаскесін сатып алу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта жер учаскесінің құны иесімен келісіліп жатыр.

Алдын ала бағалау 14.04.2023 жылға дейін дайын болады. Бағасына келіскен жағдайда тиісті қаражат бөлу үшін мәслихатқа бюджеттік өтінім жіберіледі (осы жылдың мамыр айының соңына дейінгі мерзім), келіспеген жағдайда жер учаскесі тамызда сот тәртібімен сатып алынатын болады.

Бұл объектілердің құрылысы осы емхананың шамадан тыс жүктемесін толығымен шешуге мүмкіндік береді.