Маман смартфондар неліктен тез ескіріп кететінін айтты

Маман смартфондар неліктен тез ескіріп кететінін айтты
Cурет: Ашық дереккөз

Дұрыс батареяның қызмет ету мерзімі екі жылмен шектеледі

Жұртшылық ұялы телефонын орта есеппен екі жылда бір ауыстырады. Осы аралықта ол ескіріп үлгереді, батереясы тез отырып, ондағы қосымшалар баяу жұмыс істейді. Сарапшы ескі телефонды жөндеткеннен гөрі, жаңасын алған тиімді дейді. 

Жарнама агенттігінің бас директоры Сергей Житинец газета.ru басылымына берген сұхбатында соңғы шыққан телефондардың процессоры анағұрлым мықты, экраны үлкен әрі оптикасы сапалы болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Телефондағы барлық мүмкіндіктер дұрыс жұмыс істеуі үшін және пайдаланылатын қосымшалар толық жұмыс істеуі үшін батареясы қуатты болуы қажет. Бірақ батареяның қуатын арттыру оның көлемінің ұлғаюына әкеледі, бұл смартфонның салмағына әсер етеді.

«Сондықтан дұрыс батареяның қызмет ету мерзімі екі жылмен шектеледі, одан кейін смартфонның жұмыс істеу өнімділігі төмендейді»,-дейді маман.

Ескі телефонды соңғы шыққан жаңасына ауыстырудың тағы бір себебі - өндірушілердің маркетингтік амалдарына байланысты. Олар флагмандық модельдерді 5G, сымсыз қуаттау, заманауи камера және тағы сол сияқты қызықты жаңа мүмкіндіктермен жабдықтайды. Мұндай амалдар адамдарды қызықтырып, неге алып көрмеске деп өзіне тарта түседі.

"Бұрын біз телефонның батареясын ауыстырып, тағы бірер жыл пайдаланатынбыз. Қазіргі таңда бағдарламалық қамтамасыз етудің күн санап жамуына байланысты батареяны ауыстыра салу жеткіліксіз, өйткені бағдарлама мен қосымшалар телефонның  ескі моделінде жұмыс істемей қалады",-дейді Сергей Житинец.

Маманның айтуынша, қазір ескі телефонды жөндегеннен гөрі, жаңасын сатып алған тиімді.