Мақсат ЖАҚАУ, саясаттанушы:   Азаматтық жауапкершілікті таныту маңызды  

Мақсат ЖАҚАУ, саясаттанушы:    Азаматтық жауапкершілікті таныту маңызды  
Суретті түсірген -Досбол Атажан

Су тасқыны айтып келмейтін табиғи апаттарға жатады. Адамның қолынан жасалған дүние деп айту шындыққа жанаспайды. Ең алдымен ескеретіні, апат кезінде адам шығыны болмады.

Біз осы үшін шүкіршілік етуіміз керек. Қазіргі уақытта мемлекет өзінің мемлекеттік міндетін толық атқарып жатыр. Үкімет басшыларынан бастап барлығы соның басында жүр.

Мемлекет басшысы арнайы үндеу жасап, жұмысын тобын құрды.  Расымен, азаматтарымыз үйінен, шаруашылығынан айырылды. Осы кезде халқымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып өз көмектерін беріп жатыр.

Бұл қазақтың табиғатында бар қасиет. Оған қоса, бұл азаматтық қоғамның азаматтық жауапкершілігіндегі дүние.

Мемлекетіміздің халқы бар, халқымыздың мемлекеті бар. Осындай тандемде кез келген табиғи апатты еңсере аламыз.