Макаронның бағасы қымбаттады

Макаронның бағасы қымбаттады
Сурет: Оpenbusiness.ru

Биыл отандық фермерлер бидайдан аз өнім алды.

Елімізде  бір жылда макарон бағасы айтарлықтай қымбаттаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Еnergyprom.kz сайтының мәліметіне сәйкес, тамыз айында макарон 1,3 пайызға, ал өткен жылмен салыстырғанда 11,1 пайызға қымбаттады. Бір жыл ішінде баға Атырау (22 пайыз), Қызылорда (18,4 пайыз) және Қарағанды (17,5 пайыз) облыстарында ең көп өскен.

Макарон арасында кеспе едәуір қымбаттады - 12,4 пайызға, спагетти - 11,5 пайызға және вермишель - 10,9 пайызға. Мысалы, қыркүйекте базарлар мен дүкендерде кеспе бағасы бір келі үшін орта есеппен 782 теңге, вермишель - бір келісі 374 теңге, түтік кеспе - бір келісі 361 теңге болды.