Маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ!

Маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ!
Сурет: Akorda.kz

Халыққа арнаған Жолдауын Мемлекет басшысы осылай түйіндеді.

"Мені, ең алдымен, халқымның болашағы қалай болатыны толғандырады", - деді Президент, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ. Мені, ең алдымен, халқымның болашағы қалай болатыны толғандырады»

«Мұның бәрі - оңай жұмыс емес, біртіндеп қалыптасып, жылдар бойы жалғасатын үдеріс. Бұл жұмыс бізден жоғары жауапкершілікті, елімізге және бір-бірімізге деген жанашырлықты талап етеді.»

Прзиденттің айтуынша, бүгін ұсынған барлық бастаманы жүзеге асыру үшін Конституцияға 30-ға жуық өзгеріс енгізу керек.

«Бізге ешкім сырттан келіп, ештеңе жасап бермейтіні анық, бәрі өз қолымызда. Сондықтан баршаңызды Жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын. Халықтың қолдауымен мақсатымызға жетеміз деп сенемін», - деді, Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын бірлікке шақырды.

«Әртүрлі көзқарас - біртұтас ұлт» - бұл жаңа Қазақстанның негізгі ұстанымы болмақ.