Мәжіліске дербес заң қабылдау құқығы беріледі

Мәжіліске дербес заң қабылдау құқығы беріледі
almaty-akshamy.kz

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мәжіліске заң қабылдау құқығы беріледі. Бұл жайында Әділет министрі Қанат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Сенат Парламенттің екінші палатасы саналады. Әуелі Мәжіліс заңды қабылдап, Сенатқа мақұлдауға жібереді. Сенат заң нормаларымен келіспесе де, Мәжіліс құжатты қабылдай береді. Сөйтіп, Мәжіліс заңды Президентке қол қоюға жібереді. Жалпы, Сенат жұмысы өзгерген жоқ, заң қабылдау жұмысына қатысады. Содан кейін Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырыстарында Конституциялық заңдар қабылданады. Үкімет әзірлеген жедел заңдарды палаталардың отырысында қарайды. Сенатсыз Парламент жұмыс жасамайды», - деді Парламент палаталарының отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген министр.