Мәскеуде теракт болды

Мәскеуде теракт болды
Сурет: РИА Новости

«РИА Новости» агенттігінің хабарлауынша, камуфляж киген үш адам жиналған жұртқа оқ ата бастаған.

Мәскеудің солтүстік батысында Красногорск қаласындағы «Крокус Сити холл» концерт залында атыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, 40 адам қаза тапқан, 100 шақтысы жараланған. Террорлық әрекетке қатысты қылмыстық іс қозғалды.