«Сұңқардың» келесі қарсыласы кім?

«Сұңқардың» келесі қарсыласы кім?
Сурет: Аca-mma.com

Қарсылас белгілі болды

Аралас жекпе-жектен Eagle FC лигасы 28 қаңтарда Майамиде (Флорида, АҚШ) өтетін EFC 44 турниріне екі жекпе-жек қосты, оның біріне қазақстандық файтер Арман Оспанов (11-4) қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оспановтың қарсыласы кикбоксингте Гига Чикадзені жеңіп шыққан әйгілі француздық Дилан Сальвадор (4-1) болмақ. Жекпе-жек елорда уақыты бойынша 29 қаңтар күні таңертең өтеді. 

Арман Оспанов осыған дейінгі жекпе-жегін маусым айында Нью-Джерсиде (АҚШ) PFL 4 турнирінде өткізіп, америкалық Крис Уэйдті (20-7) екінші раундта нокаутқа түскен болатын.

Желтоқсан айында Оспанов Дамир Исмағұловпен (23-1) грэпплинг ережесі бойынша жекпе-жек өткізіп, төрешілердің шешімімен одан жеңіліп қалды.