Ломбардтан ұрланған ұялы телефондар Қалқаманда тәркіленді

Ломбардтан ұрланған ұялы телефондар Қалқаманда тәркіленді
Cурет: Алматы ПД

Келтірілген материалдық шығын 2 млн теңге

Алматы Полиция департаменті ломбардтан ұрланған ұялы телефондар Қалқаман ықшам ауданында тәркіленгенін мәлімдеді, , деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Наурызбай аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, 17 жастағы жасөспірім Райымбек даңғылы бойында орналасқан ломбардтардың бірін тонады деген күдікке ілінген.

Жәбірленуші тонау салдарынан келтірілген материалдық шығынды 2 млн теңгеге бағалаған. Ұрланған мобильді құрылғылар мен гаджеттерді полиция қызметкерлері күдіктінің жалға алған тұрғын үйінен тапты. Заттай айғақтар тәркіленді. 

ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.