Лионель Месси Лотар Маттеустың рекордын қайталады

Лионель Месси Лотар Маттеустың рекордын қайталады
Сурет: Ашық дереккөз

Аргентина финалға жолдама алды

Футболдан Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси әлем чемпионаты финалдық сатысында ойын көрсету жөнінен Лотар Маттеустың рекордын қайталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дәл қазір 2022 жылғы әлем чемпионаты жартылай финалында Аргентина және Хорватия құрамалары ойнап, Аргентина финалға жолдама алды.

Аталған ойында Лионель Месси ұлттық құрама сапында аталған турнирдің финалдық сатысында 25 мәрте жасыл алаңға шықты. Осылайша ол неміс футболшысы Лотар Маттеустің көрсеткішін қайталады.

Бұл жөнінен үштікті 24 ойынмен германиялық тағы бір футболшы Мирослав Клозе түйіндеп тұр.

Айта кетсек, бұдан бұрын хорватиялық қақпашы «Бавария» командасына ауысуы мүмкін екенін хабарлаған едік.