Лагерьлер енді орталық деп аталмақ

Лагерьлер енді орталық деп аталмақ
Сурет: Aikyn.kz

 Оқу-ағарту министрлігі лагерь сөзін орталық атауымен өзгерту мәселесін пысықтап жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Министрлік «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Онда «лагерь» атауын «орталық» атауымен алмастыру мәселесі пысықталуда. Жалпы, жазғы уақытта балаларды демалыспен, сауықтырумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда және министрліктің ерекше бақылауында»,- делінген Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Мәжіліс дептутаты сауалына берген жауабында.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев кеңестік идеологиямен санамызға сіңген лагерь сөзін жазғы сауықтыру орталықтары сөзімен ауыстыратын уақыт жеткенін айтып, Оқу-ағарту министрінің атына cауал жолдаған еді.