Көкшетауда "Бейбіт күннің батырлары" көрмесі ашылды

Көкшетауда "Бейбіт күннің батырлары" көрмесі ашылды
Сурет:Gov.kz

Батырларды құрметтеу - дәстүр сабақтастығы

2021 жылдың 16 маусымында Мәлік Ғабдуллин музейінің аумағында "Бейбіт күннің батырлары"атты ашық аспан астындағы көрменің ашылуы өтті.

Бұл көрменің мақсаты бейбіт уақыттағы батырлардың ерліктеріне құрмет көрсету, өрт сөндіру қызметінің тарихын, оның маңызын түсіндіру болып табылады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. .

Салтанатты шараға академия басшылығы, Ақмола облысының ТЖД, Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының өкілдері, Ақмола облысының Азаматтық қорғау органдарының ардагерлері қатысты.

Академия бастығы, азаматтық қорғау полковнигі С.Д. Шәріпханов құттықтау сөз сөйледі. Ол қазіргі уақытта азаматтық қорғау органдарын дамытуға көп көңіл бөлінетінін және бейбіт уақыттағы нағыз батырларды қолдау және асыл кәсіптің қызметін насихаттау өскелең ұрпақ үшін тамаша үлгі болып табылатынын атап өтті.

Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы ІІМ құрметті ардагері, отставкадағы полковник С.А. Асылбеков қатысушыларды Академияның қалыптасу және даму хроникасымен, фотоқұжаттармен және бейнематериалдармен таныстырды.

Сондай-ақ, экспонаттар, макеттер, марапаттар, өрт сөндіру техникасы және өрт сөндіруші-құтқарушының жауынгерлік киімдері ұсынылды.