Күзде қант қымбаттауы мүмкін

Күзде қант қымбаттауы мүмкін
Сурет: Inbusiness.kz

Елде тағы қант тапшылығы бола ма?

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, бұған көрші елдегі жағдай әсер етпек. Өйткені біздің нарық Ресей қантына тәуелді екені белгілі. Ел азаматтары тұтынатын тәтті өнімнің 75 пайызы сол жақтан жеткізіледі. Ал өзімізде шығарылатын қант жетпейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сондықтан көрші елде баға көтерілсе, қазақастандықтардың да қалтасын қақпай қоймайды дейді министр. Қазір елімізде бұл тауардың бағасы әртүрлі. Келісі 500-ден 760 теңгеге дейін сатылады. Айта кетейін, былтыр Ресей қант экспортын тоқтатып, бізде тапшылық болған еді.