Құрылыс салушылар танымал компания брендін баспаналарды жарнамалау үшін пайдалануда

Құрылыс салушылар танымал компания брендін баспаналарды жарнамалау үшін пайдалануда
oir.mobi

Құрылыс салушылар компания брендін баспаналарды жарнамалау үшін пайдалануда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Құрылыс салушылар танымал компанияның брендін алып, құрылысты жүзеге асырмай, нысанды жарнамалау үшін пайдаланады. Тұрғын үйді салу және сату процесін құрылыс салушының уәкілетті компаниялары болып табылмайтын үшінші тұлғалар жүзеге асырады. Бұл нысанның құрылысы үшін жауапкершіліктен, сондай-ақ монополияға қарсы және салықтық бақылаудан кетуге жол ашады», - деді агенттік төрағасы.

Оның атап өтуінше, құрылыс салушылармен заңды байланысы жоқ ұйымдар сатқан пәтерлерді сатып алушылар құқықтық кепілдіксіз қалуда. Бұл тұрғын үй сапасына және нысандарды тапсыру мерзіміне қатысты жаппай шағымдардың көбеюіне себеп болып отыр.

«Келісімшарттың негізсіз шарттарын міндеттеу тәжірибесі кеңінен таралуда. Бұл - құрылыс салушылармен, үлестес басқарушы компаниялармен, байланыс, интернет қызметтері, кабельдік теледидар операторларымен келісімшарт жасасу, паркинг сатып алу бойынша талаптар. Осылайша, монополиялық құрылыс нарығы көршілес нарықтардағы бәсекелестікті шектейді», - деп атап өтті Серік Жұманғарин.