Күрес түрлерінен өтетін әлем чемпионатына кімдер қатысады

Күрес түрлерінен өтетін әлем чемпионатына кімдер қатысады
Сурет: ашық дереккөз

Бүгін Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты (U17) басталады. Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясының баспасөз хатшысы Аспандияр Есенжолов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.   

Аспандияр Есенжоловтың сөзінше, жарыстың алғашқы күні бозкілемге грек-рим күресі балуандары шығады.

«Одан кейін кезек әйелдер күресіне келсе, әлем чемпионатын еркін күрес балуандары қорытындылайды. Қазақстан құрамасы бұл жолғы дүбірлі додаға толық құрамда қатысады», - деді ол.

Ол сондай-ақ байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын балуандарымыздың тізімін ұсынды.
Грек-рим күресі:
45 кг – Жарас Советов (Ақтөбе облысы).
48 кг – Бекнұр Мұқан (Ақтөбе облысы).
51 кг – Жанболат Сапарбек (Түркістан облысы).
55 кг – Алпамыс Болатұлы (Қызылорда облысы).
60 кг – Ердәулет Ләсім (Шымкент қаласы).
65 кг — Әлібек Тұрлығазы (Астана қаласы).
71 кг – Диас Сейітқалиев (Абай облысы).
80 кг – Бейбарыс Шымырбек (Жамбыл облысы).
92 кг – Максим Украинцев (Қостанай облысы).
110 кг – Бекжан Исмағұлов (Алматы қаласы).
Әйелдер күрес:
40 кг- Әнел Бүркітбаева (Павлодар облысы).
43 кг- Медина Қуанышбек (Алматы облысы).
46 кг — Мейрамгүл Ахметжан (Алматы облысы).
49 кг — Арина Абдуллина (Павлодар облысы).
53 кг — Элмира Сапарбекова (Түркістан облысы).
57 кг — Жасмин Искандарова (Түркістан облысы).
61 кг — Софья Змазнева (Павлодар облысы).
65 кг — Мейрамгүл Мақсот (БҚО).
69 кг — Інқар Ерғали (Алматы қаласы).
73 кг — Меруерт Назарбаева (Шымкент қаласы).
Еркін күрес:
45 кг- Нұрмухамед Тұрдалы (Жамбыл облысы).
48 кг- Ералы Жетпісов (ШҚО).
51 кг — Олжас Жауынбаев (Түркістан облысы).
55 кг — Аллан Оразбек (ШҚО).
60 кг — Ералы Жеңісов (ШҚО).
65 кг — Алмас Сабыр (ШҚО).
71 кг — Нұрдәулет Сейілбеков (Атырау облысы).
80 кг- Асхаб Хаджиев (Қарағанды облысы).
92 кг — Самир Дурсунов (Түркістан облысы).
110 кг — Едіге Қасымбек (Түркістан облысы).

«Өткен жылы Италияда әлем чемпионатында еркін күрес балуандары Дарын Әскербек (ШҚО) пен Камиль Куруглиев (Маңғыстау облысы) алтын жүлде алса, грек-рим күресінен Юсуп Ашрапов (Жамбыл облысы) пен Арсен Жұма (Ақтөбе облысы) қола жүлдені қанжығаға байлаған болатын», - деді Қазақстан күрес федерациясының баспасөз хатшысы.