Күнде душқа түсудің зияны қандай?

Күнде душқа түсудің зияны қандай?
Сурет: Meteonova.ru

Флоридадағы Riverchase Dermatology емханасының дерматологы күн сайын душқа түсудің зиянды екенін мәлімдеді

Люси Ченнің (Lucy Chen) айтуынша, терінің тазалығын сақтау үшін аптасына екі не үш рет душ қабылдау жеткілікті. Егер де адам күнде душқа түссе, одан терінің сыртқы қабығы кеуіп, эпидермис қорғаныс қабаты жойылуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Салдарынан теріде жарықшалар пайда болып, сол арқылы ағзаға зиянды бактериялар ене алатын болады. 

«Одан бөлек, құрғақтық экземаға немесе басқа да қабынуларға апаруы, тері қызарып, қышыма мен акне шығуы мүмкін. Одан бөлек, жиі душқа түсу шашқа кері әсер етеді. Уақыт өте келе, шаштың түбі шамадан тыс майлы немесе, керісінше, өте құрғақ болады», - деді дерматолог.

Чен жоғарыдағы кеңестерге қарамастан, кей адамдардың күнде душ қабылдауы дұрыс болатынын айтты. Тұрақты түрде спортпен, физикалық еңбекпен айналысатын адамдар терінің өліп қалған жасушаларын, кір мен терді кетіру үшін күнделікті душ қабылдағаны абзал.