Құлжа күре жолының оңтүстігінде 2000 орындық жаңа мектеп салынады

Құлжа күре жолының оңтүстігінде 2000 орындық жаңа мектеп салынады
Сурет: Elorda.info

Ауданда мектептерді оқушы орындарымен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.

Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Маусым айының соңына дейін №48 мектеп реконструкциядан өтіп, 250 орындық қосымша ғимарат құрылысы аяқталады.

«Осы жылдың тамыз айында №131 мектепті сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеу аяқталады. Сонымен қоса жеке қаражат есебінен осы мектептің 300 орындық жаңа корпусын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалау-сметалық құжаттаманың аяқталу мерзімі – осы жылдың қыркүйек айы», - деді Е.Досаев. 

Жалпы, қосымша құрылыстар салуға 3 жобалау-сметалық құжаттама, сейсмикалық күшейте отырып мектептерді күрделі жөндеуге 3 жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде және №29 мектепке қосымша құрылыс салу үшін жер учаскесін сатып алу жұмыстары жүргізілуде (қосымша құрылыстар: №35, 131, 168; күрделі жөндеу: №33, 99, 161; № 29 мектепке қосымша құрылыс үшін жер учаскесін сатып алу).

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Құлжа күре жолының оңтүстігінде 2000 орындық жаңа мектеп салынады. Құрылысты бастау осы жылдың
IV-ші тоқсанына жоспарланған. Жеке инвестордың («MG City» ЖШС) қаражаты есебінен 2024 жылы «Думан» шағын ауданында 1200 орындық мектеп салу жоспарланған.

 Осы жылы 2 балабақшаны - №112 және №195 балабақшаны сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеуді бастау жоспарлануда. Бүгінгі күні
247 орындық 5 жеке меншік балабақша ашылды, сондай-ақ биыл тағы 253 орындық 5 жеке меншік балабақша ашу жоспарлануда.