«Күлпет» романының тұсаукесері өтеді

«Күлпет» романының тұсаукесері өтеді
almaty-akshamy.kz

28 сәуір күні  Қазақстан Жазушылар кітапханасында жазушы-публицист, «Mecenat.kz» әдеби сыйлығының тұңғыш лауреаты  Қазығұлов Шархан Нағметұлының «Күлпет» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Шараға ҚР Президенті сыйлығының және Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, журналист Сәрсенбай Қали Қошқарұлы, жазушы-журналист, ТМД Журналистер Конфедерациясы сыйлығының лауреаты, ҚР Президенті грантының иегері Қайнар Олжай, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Дәулетбек Байтұрсынұлы, филология ғылымдарының докторы, жазушы Нұрдәулет Ақыш, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты  Саят Қамшыгер мен зерттеуші-ғалым  М. Х. Дулати атындағы қоғамдық қордың директоры Мұхтар Қазбек қатысады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің, Д.А. Қонаев атындағы заң колледжінің cтуденттері, оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері ойталқыға қатысады. «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері халық әндерін орындайды.

Тұсаукесер: 11 шағынаудан, 37 үйде сағат 11: 00 (Алтынсарин, Жандосов көшелерінің қиылысы)
 Байланыс телефоны: 303-63-77