Қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтайтын заң әзірленеді

Қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтайтын заң әзірленеді
Cурет: Ашық дереккөз

Қолданыстағы заңнамадан бірқатар кемшіліктер анықталған

Елде саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау туралы жаңа заң әзірленеді. Заң жобасы жұмыс тобының бірінші отырысында талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Жұмыс тобының құрамында көрнекті ғалым-заңгерлер, депутаттар, сондай-ақ Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура, Әділет және Ішкі істер министрлігінің өкілдері бар. Мұрағаттар мен қолданыстағы заңнама нормаларын зерттей отырып, мамандар бірқатар кемшіліктерді анықтаған. Соның салдарынан, кейбір қуғын-сүргін құрбаны әлі күнге дейін ақталмаған екен. Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, жаңа құжат осындай кедергілерді жояды. Олар рәсімді жеңілдетіп, тарихи әділеттілікті қалпына келтіру үшін тұтас заң шығару жүйесін құруды жоспарлап отыр. 

«Біз жаңа заң жобасында ақтау бұл – мемлекеттің міндеті деп көрсетіп жатырмыз. Жалпы бірнеше орган осы ақтау процессіне қатысу керек. Қазақстанда әр өңірде жұмыс жүргізіліп жатыр»,-дейді мемлекеттік комиссия мүшесі Сабыр Қасымов.